+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында 350 жарық шамы орнатылып, жаңа асфальт төселеді

2021 жылғы 16 сәуір 22:55
Бөлісіңіз:
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында 350 жарық шамы орнатылып, жаңа асфальт төселеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаңа 350 жарық бағана орнатылып, ретро орындықтар қалпына келтіріледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда медқызметкерлердің 83 пайызы коронавирус вакцинасын салдырды Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның екінші отырысы өтті

Сапар Нұрашев биыл 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта 20 мың шаршы метр алаңда жаңа асфальт және 3 645 шаршы метр тротуар плитасы салынатынын атап өтті.

Сондай-ақ, саябақта жаңа 351 жарықтандыру тіректері орнатылады, қосымша 103 орындық пен 107 қоқыс жәшігі пайда болады, 23 ескі ретро-орындықтар қалпына келтіріледі, 103 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылады.

«Кіші Алматы өзені жағалауының келбеті өзгереді. Өзен бойында 160 жарықтандыру бағандары, Достық гүлзарында 95 жарықтандыру бағандары орнатылады, 22 800 шаршы метр асфальт төселеді. 2021 жылы 240 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылып, 42 400 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 1000-нан астам жасыл желек отырғызылады»,- деді спикер.

Алдағы уақытта Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Қайырбеков көшесіне дейінгі аралығы өзгереді. Онда асфальт, тротуар плиткалары төселеді, орындықтар қойылады, жарық пайда болады, 63 үйеңкі ағашы отырғызылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT