Алматыдағы №2 мамандандырылған ХҚО басқа ғимаратқа көшті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 27 мамырда Алматыдағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді азаматтарға жайлы болу үшін және сапалы қызмет көрсету үшін ол Майлин, 240 а мекенжайындағы «Allur авто» ғимаратында орналасады. Бұған дейін мамандандырылған ХҚО Майлин, 85 мекенжайында болатын.

«Дүйсенбі, 29 мамырда мамандандырылған ХҚО жұмысын әдеттегі режиммен жаңа мекенжайда жалғастырады», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметі.

Алматы тұрғындары 4 мекенжайдағы мамандандырылған ХҚКО-на мемлекеттік қызметтерді алу үшін бара алады:

Саялы ықшамауданы, Аққайнар, 1 көшесіндегі №1 Мамандандырылған ХҚКО;

Майлин, 240 а көшесіндегі № 2 Мамандандырылған ХҚКО;

Түрксіб ауданы, Қайрат ықшамауданы, Құлжа тас жолының 9-шақырымы мекенжайындағы №5 Мамандандырылған ХҚКО;

Кемел ықшамауданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайындағы №6 Мамандандырылған ХҚКО.

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Автокөліктерді заңдастыруға байланысты сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Мекеме қызметкерлері қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болатынын еске салды. Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға, @kenes1414Bot Telegram-ботына жүгінуге және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алуға болады.


Соңғы жаңалықтар