Алматыдағы №12 қалалық емхана карантинге жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Бостандық ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес №12 қалалық емхана карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, орталық қалалық клиникалық аурухана таза және вирус жұқтырған деп екі аймаққа бөлінді.

«Қазір қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды. Емдеуде жатқан науқастарға медициналық көмекті тек обаға қарсы костюмдерін киген медицина қызметкерлері көрсетуде. Пациенттермен вирусқа шалдықпаған медицина қызметкерлері жұмыс істеуде. Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде емделуде» делінген басқарма хабарламасында.

Әкімшілік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Карантин және жабық кеңістікте жүріп-тұру жағдайында адамдардың психологиялық жай-күйі нашарлауы мүмкін екенін ескере отырып, ұжымда коммуницирлеудің барлық әдістері қолданылуда.


Соңғы жаңалықтар