Алматыдағы №12 ауруханадан жарылғыш зат табылмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда № 12 қалалық клиникалық ауруханадан таңертең пациенттер мен дәрігерлер қауіпсіз жерге шығарыла бастады. Бұл туралы емдеу мекемесіндегі оқиғаға куә болған пациенттер айтты.

«Мен дәрігердің қарауына кезекте отырғанмын. Бір уақытта бізді бірден сыртқа шығара бастады. «Біреу жарылғыш зат қойған» деген хабар тарады», - деді ол.

Аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақтан жарылғыш зат табылмады. Қазір аурухана штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Ал, қалалық ІІД аталған дерекке қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар