Алматыда зообақ маймылдары теледидар тамашалауды үйреніп жүр (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағында маймылдар теледидар тамашалауды үйреніп жүр. Көгілдір экран олардың тек іш пысқандағы ермегі ретінде ғана емес, ғылыми тұрғыдан дамытатын құрал болып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтты.

Оның айтуынша, зообақ басшылығы приматтар бөліміне теледидарды былтыр сатып алған. Мамандардың айтуынша, мұндай практика әлемнің бірқатар бақтарында қолданылып келеді. «Содан бері ол тек уақыт өткізу құралы емес, тәрбиелеу құралы болып отыр. Қамаудағы жануарлар көп нәрсені білмейді. Мәселен аналық босанса, баласын қалай бағу керектігін ол білмейді. Өйткені, үйренетін үйір жоқ. Табиғат аясында олар бір-біріне үлгі болады ғой», - деді секция меңгерушісі Шолпан Әбдібекова. Олар тек қана өздері туралы фильмдер көрмейді. Адамдар туралы бағдарламаларды да қуана-қуана тамашалайды. Әсіресе, лирикалық фильмдер, мультфильмдер, музыкалық бағдарламаларды қуана тыңдайды. Ал, қазіргі заманғы рок, металл жанрындағы музыкаларды ұнатпайды. Қарсылық білдіріп, шулап, тордың ішін басына көтереді. Ал, классикалық, шансон, лирикалық әндерді жас-кішісі, еркегі-ұрғашысы түгел тапжылмай тыңдайды. Қазіргі таңда Алматы хайуанаттар бағында 15 маймыл өмір сүріп келеді.

Соңғы жаңалықтар