Алматыда зиянкестермен күрес жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда шегіртке тектес зиянкестерімен күрес жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, Алматы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына сілтеме жасап.

«Алатау, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында жалпы аумағы 2,5 мың га жерге барьерлік өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жасыл желектерді зиянкестерден қорғау үшін, Алматы маңын жәндіктерден тазарту мақсатында дезинфекция шаралары жүргізіледі»,-деді басқармадан.

Сондай-ақ, қала аумағындағы жәндіктер көп шоғырланған 500 га жерге жергілікті өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Тазалық шаралары түнгі сағат 23:30-дан 05:30-ға дейін жүргізіледі. Басқармадан тұрғындарға түнгі серуен кезінде сақтық шараларын сақтауды және үйдің терезелерін жабу ескертілді.

Барлық туындаған мәселелер бойынша Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына хабарласуға болады:

272-42-88, 272-38-44 және 8-701-701-36-22

Соңғы жаңалықтар