Алматыда зиялы қауым өкілдері жыр алыбы Жамбылдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыр алыбы Жамбылдың туғанына 170 жыл толуына орай мерекелік шара жалғасып жатыр. Бүгін шығармашылық өкілдері Жамбыл мен Достық көшелерінің қиылысында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мəдени шараға шетелдік, атап айтқанда Грузия, Ресей, Түркия елдерінің шығармашылық өкілдері, қазақстандық зиялы қауым өкілдері, Алматы облысы, Жамбыл аудандық əкімдігі, Алматы қаласы Медеу ауданының мəдениет бөлімінің өкілдері, 100-ге жуық адам қатысты.

Жиналған қауым алдында белгілі ғалым Уəлихан Қалижан, ақын Шөмішбай Сариев Жамбылдың қазақ мəдениеті мен əдебиетіне қосқан үлесі туралы тілге тиек етті.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Жамбылдың туғанына 170 жыл толуына орай халқаралық ғылыми симпозиум өтеді. Шараға мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіхалықова қатысады.
null null

Соңғы жаңалықтар