Алматыда зиялы қауым өкілдері Жолдауды талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Достық үйінде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын талқылаған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, зиялы қауым өкілдері, ақын жазушылар, ғалымдар қатысты.

Жиналғандар Мемлекет басшысының 1 қыркүйекте жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» жолдауындағы айтылған маңызды бағыттарды талқылады.

«Бүгін арнайы Алматыға келіп, сіздермен Президент Жолдауын талқылауды жөн көрдік. Онда белгіленген келелі міндеттер мен мақсаттарды тыңдадыңыздар, оқыдыңыздар. Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруда маңызды рөл ойнайтын Жолдауды жан-жақты талқылайтын боламыз»,- деді Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

«Біз мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар