Алматыда жыныстық құлдықта ұсталып келген 22 жасар келіншек босатылды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы полициясы мәжбүрлі түрде жыныстық қызмет көрсетіп келген 22 жасар ОҚО-ның тумасын босатты.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Айнабұлақ» шағынауданындағы үйлердің бірінде Т. есімді жеңгетай келіншекті 2 апта бойы қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлеп келген.

«Алматыға оны Т. есімді әйел алдап шақыртқан. Кейін бар ақшасын, алтын бұйымдарын иемденіп, жыныстық құлдықта ұстаған. Айтқанына бағынбаған кездері денесін кескілеп, электр сымымен батареяға таңып тастайтын болған», - деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Танат Назанов.

Осы уақыт аралығында жоғалып кеткен келіншекті ата-анасы, екі баласы, туған-туыстары іздестіргенімен хабарын біле алмаған.

Қазір 22 жасар әйел басынан өткен оқиға жөнінде түсініктеме беруде.

«Жеңгетай уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қарсы ҚР ҚК бірнеше бабы: адамды бас бостандығынан айыру, еркінен тыс жезөкшелікке тарту, тонау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл келіншектің тепкісіне түскен тағы бір бойжеткен полицияға хабарласты», - деді Т.Назанов.

Соңғы жаңалықтар