Алматыда жымқырылған мемлекеттік қаражаттың төрттен бір бөлігі қайтарылған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ержан Ибраимов баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның жұмыс қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюроның алдында бүгінгі таңда біршама маңызды міндеттер тұр. Біріншіден, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаны міндетті түрде қолдану қағидатын толыққанды қамтамасыз ету керек. Екіншіден, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың преференциясы. Қазіргі таңда біз кез келген жемқорлыққа қатысты қылмысты анықтауға қауқарымыз бар. Осы мақсат үшін қажетті барлық ұйымдастырушылық және құқықтық шарттар жасалды. Есеп беріп отырған кезеңде заңсыз иемденген 660 млн теңгенің ішінде қылмыстық істердің аяқталуы бойынша 168 млн теңге қайтарылып, мемлекеттің тәркіленген мүліктер кірісіне аударылды», - деді Ержан Ибраимов.

Сонымен қатар, қылмыстық істерді тергеу жұмысының басты міндеттерінің бірі - алдағы уақытта ондай жағдайлар тіркелмес үшін құқықбұзушылықтардың себебін анықтау және жою болып табылады.

Департамент басшысының айтуынша, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департамент пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, мемлекеттік органдарда жемқорлық жағдайының алдын алу бағытында жұмыс жүргізуде.

«Есеп беріп отырған кезеңде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жемқорлықтың алдын алу бағытында 10 семинар-кеңес өткізілді», - деп ақпарат берді Ержан Ибраимов.

Соңғы жаңалықтар