Алматыда жылжымалы медициналық кешендерде 6 мың адам тексеруден өтті

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы БАҚ өкілдеріне денсаулық айлығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Төсекбаевтың сөзіне қарағанда, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен департамент сапалы медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді топтарды іске қосты. 1-30 тамыз аралығында Алматы қаласындағы басқармаға қарайтын медициналық ұйымдар денсаулық айлығына қатысады.

Медицина бір қадам жақын. Негізгі мақсат – тұрғындардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және өршуіне жол бермеу.

Бұл ең алдымен қала орталығынан шалғай орналасқан аудандардың тұрғындары үшін тиімді. Олар өз аудандарында дәрігерлерден кеңес алып, медициналық тексеруден өте алады.

Мобильді кешендер заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жоғары мамандандырылған медицина қызметкерлері, атап айтқанда жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, кардиологтар, ЛОР дәрігерлері, хирургтер қабылдайды.

Айлық барысында адамдар холестеринді, қандағы қантты анықтап, АИТВ-инфекциясын және тері-венерологиялық ауруларды анықтауға жедел тексеруден өтеді, дене салмағының индексін, көз қысымын тексерте алады.

Сондай-ақ, бір айдың ішінде медицина қызметкерлері тұрғындарға медициналық мекемеге тіркелу және мобильді қосымшаны пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

1 тамыздан 13 тамызға дейін қаланың 20-дан астам шалғай аудандарында медициналық мобильді топ жұмыс істеді. Онда 5 704 тұрғынды медициналық тексеруден өтті.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен қаладағы медициналық нысандарда тексеру жүргізілгенін айтты.Тексеру барысында 71 медициналық мекеме қамтылды. Атап айтсақ, 14-і стационарлық, 38 алғашқы медициналық көмек ұйымдары, 7 фельдшерлік-акушерлік көмек және 12 басқа мекемелер бар.

Мониторинг 4 критерий бойынша жүргізілді: ауруханалардың ғимараттары мен құрылымдық бөлімдерінің санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық жағдайы, медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылмауы, қабылдау бөлімінің «3Н» типіне сәйкес болуы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен ауруханалардың жабдықталуының минималды стандарттарына сәйкестігі.

Нәтижелерге сәйкес, қаланың ауруханалары мен емханаларын жоғары дәлдіктегі жабдықтармен қамтамасыз ету шамамен 60% құрайды. № 20, 21, 25, 26, 27 емханаларында бұл көрсеткіш 22% -ға жетпейді. Биыл бұл клиникалар үшін 35 жоғары технологиялық диагностикалық жабдық сатып алынады: ультрадыбыстық, рентген, флюорографиялық және маммограф және т.б.

2022 жылдың соңына қарай қаланың медициналық мекемелерінің жабдықталуы 90% -дан кем болмауы керек.

Жедел жәрдем қызметінің жабдықталуына келер болсақ, бүгінгі таңда көлік құралдарының тозуы 70% құрайды. 2020 жылы 70 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланып отыр, сондай-ақ қызмет көрсету жабдықтары 88% -ға жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар