USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталады

2021 жылғы 1 қазан 19:41
Бөлісіңіз:
Алматыда жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2 қазан күні 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, жылыту маусымы қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты мерзімінен бұрын басталатын болды.

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жылу жүйесіне ең алдымен денсаулық сақтау, білім ғимараттары мен басқа да әлеуметтік объектілер қосылады.

Одан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушыларына беріледі.

Қазіргі таңда қаладағы жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың дайындығы 100% қамтамасыз етілген.

Алматыда тұрғын үй қорының 8257 объектісіне, 443 білім және 91 денсаулық сақтау объектісіне жылу беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT