Алматыда жылыту маусымы қашан басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар қыстың қамын жасады ма? Жылу қазандығы маусымға шыдас бере ме? Қордаланған қарыз коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына кедергі келтірмей ме? Бұл сауалдардың жауабы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС бас инженері Дмитрий Кирдяйкин хабарлағандай, Алматыда ауа температурасы 5 күн бойы Цельсия шкаласымен +8 градусқа жеткенде, жылыту маусымы басталады. Бірінші кезекте балабақшалар мен мектептер, медицина мекемелері мен әкімшілік ғимараттарға жылу беріліп, қалған тұтынушылар 5-6 күн ішінде толық жылумен қамтамасыз етіледі.

Қазір қалада күн райы ашық, жақын арада салқындауы әбден мүмкін. 

«Нормативтік құжаттарға сәйкес, жылу ауа температурасына қарай беріледі. Біз жылуды 15 қазаннан бастап береміз»,- деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Оның айтуынша, коммуналдық шаруашылық обьектілерін және әлеуметтік сала мекемелерін қыс маусымына дайындауға бюджеттен 36 млрд теңге және табиғи монополия субъектілерінің өз қаржысынан 27,5 млрд теңге қарастырылған.  

Соңғы жаңалықтар