USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

2021 жылғы 22 қазан 15:34
Бөлісіңіз:
Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мегаполисте жылына 4 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Бұл туралы Алматы қаласы онкология орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 13 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Алматыда ұры Honda Odyssey көліктерін ғана ұрлап келген Алматылық көрермендерге әлемдік балет жұлдыздары «Кармен сюитасын» ұсынды

Дәрігер биыл қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші артқанын айтты.

«Биыл жылдың 9 айында орталықта 13 256 науқас емделді. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда науқастар саны 15 пайызға көбейді. Бір қуантарлығы қатерлі істіктен болатын өлім-жітім 10 пайызға қысқарды. Бұл біріншіден, ем алып жатқан науқастар санының көбеюіне байланысты. Екінші жағынан ісікті ерте кезеңінде анықтап, емді ертерек бастауынан», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қатерлі ісікке шалыдыққандар арасында өмір сүру ұзарғанын айтты. «Мәселен, ауырған сәтінен бері 5 жыл уақыттан бері ем алып келе жатқан науқастар саны 54%-дан асты. Статистика бойынша Алматыда жылына 4 мың адам қатерлі ісікпен ауырады. Бірақ емін алып, жұмысын жалғастырып жатқандардың саны қазір 27 мыңға жетті», - дейді орталық директоры.
Нұрсұлтан Ізбағамбетов мына белгілер пайда болса, дереу онкологқа жүгіну керектігін ескертті. Олар: анемия, көкжөтел және қан араласқан қақырық, сүт бездерінің, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, шаршау әрі салмақ жоғалту, денедегі қалдың өзгеруі және басқалары,

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT