Алматыда жылына 200-ге жуық жер сілкінісі тіркеледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жылына 200-ге жуық жер сілкінісі тіркеледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

«Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим саналады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі күтілмейді»,- деді Ерлан Әлібеков.

Айта кетейік, 28 қараша күні Алматыдан 668 шақырым қашықтықта жер сілкінген еді.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 243 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.9. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаты – 41.16° с.е. 75.88° ш.б. Тереңдігі – 15 км.

Сезілгені туралы ақпарат жоқ.


Фото: assicuraci.it