Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылғы көрсетілген қызмет көлемінің өсуіне байланысты, комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті халық үшін жылумен жабдықтау тарифін 3%-ға төмендетті. Төмендетілген тариф 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Тарифтің төмендеу есебінен халықтың үнемдейтін қаржысы 552 млн теңге. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті», делінген хабарламада.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14% - ға өсуі күтілген еді.
Алайда, Алматы қаласы бойынша департамент энергия көздерінде тарифті төмендету арқылы халық үшін тарифтің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде 2021 жылы халық үшін тарифті 2020 жылғы деңгейде өсімсіз қалдыруға мүмкіндік туды.
- Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш ашылады
- Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды
- Жер астына түсіп кеткен жүк көлігі: Алматылықтардың бір бөлігі жылусыз қалды
- Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
-
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады
-
Алматы сауда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам