Алматыда жылумен жабдықтау тарифі қымбаттайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің 23 маусымдағы бұйрығына сәйкес жылумен жабдықтау тарифі 1 шілдеден бастап ұлғаяды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, халық үшін жылумен жабдықтау қызметтері құнының өсімі 20% – 5 839,23 теңгеден 7 007,08 теңгеге дейін/Гкал, бизнес үшін 30% – 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңгеге дейін/Гкал. Негізгі жүктеме бюджеттік ұйымдарға түседі, мөлшерлеме 36% - 25 698,42 теңгеден 34 971,84 теңгеге дейін/Гкал-ға дейін ұлғаяды.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік саясатын іске асыру түскен қаражатты жылу желілерін жөндеу жұмысына бағыттауға мүмкіндік береді. Қосымша қаржыландыру апатты азайтуға және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. 2023 жылғы жағдай бойынша жылу желілерінің тозуы 59,2%. 2023-2026 жылдары 116 км коммуникацияны жаңарту жоспарланған, бұл тозған желілерді 8% азайтуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» компаниясы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда суық су мен кәріз тарифі өзгеретінін хабарлағанбыз.


Соңғы жаңалықтар