Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Алматы қаласында жылу беру тоқтатылды

2018 жылғы 12 сәуір 17:14 278
Бөлісіңіз:
Алматы қаласында жылу беру тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу жүйесі қалада ауа температурасының жоғарылауына байланысты ажыратылды.

«Қалада бірнеше тәулік бойы 8 градустан жоғары ауа температурасы сақталып келді.  Осыған сәйкес 2017-2018 жылғы жылыту маусымы 12 сәуірден бастап тоқтатылады», - делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.

Айта кетерлігі, ортақ есептеу құрылғысы орнатылмаған үйлердің тұрғындары ақшаны алдын ала төлеп қойған болса, ақшалары 1 шілдеге дейін  қайтарылады.

«Жылу желілерін жөндеу немесе құбырларды қайта жасау жұмыстарының мерзімі бірқатар сынақ жұмыстарынан соң белгілі болмақ. Қаланың жылу кешенін қайта жасау кезінде ыстық су беру жалғасатын болады», - деп мәлім етті қалалық жылу беру компаниясынан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT