Алматыда жылу желісінің апатынан жапа шеккен азаматқа өтемақы төленеді - «Алматыжылу» холдингі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылу желісінің апаты орын алды. Салдарынан ыстық суға күйіп қалған азаматқа өтемақы төленетін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Алматыжылу» холдингінің баспасөз хашысы Ян Гирин хабарлады.

Бүгін таңертең сағат 11-12 шамасында Райымбек пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында диаметрі 800 мм болатын жылу құбыры жарылып, ыстық судың ағыны орын алды.

Апат салдарынан ер адам күйік шалып ауруханаға жеткізілді.

«Жапа шеккен азаматқа сақтандыру компаниясы арқылы өтемақы төленетін болды. Қазір апаттың салдары анықталуда. Алдын ала анықтау бойынша негізгі себебі құбырдың тозуы. Нысан 80 жылдары пайдалануға берілген екен», - деді Ян Гирин.

Қазір аудандағы 4 көппәтерлі үй, 2 мектеп, 10 өзге де нысандар жылу мен ыстық сусыз отыр.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары біткен соң 10-12 сағаттан кейін аталған нысандарға ыстық су мен жылу қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар