Алматыда жылу сәуірдің 12-сінде ажыратылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда орталықтандырылған жылу сәуірдің 12-сінде ажыратылады.

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлады.

«Қалада орталық жылуды ажырату сәуірдің 12-сінде жүзеге асады. Бұл шешім «Казгидромет» РМК жақын күндерге белгіленген болжамына сәйкес сәуірдің 8-інен 12-сіне ауыстырылды», - деді басқарма мамандары.

Соңғы жаңалықтар