Алматыда жылу құбырының жарылуы: Тұрғындар сусыз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы әкімдігі жылу құбырының жарылу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Райымбек даңғылы бойында жарылған жылу құбырының тозығы жеткен. Ол осыдан 48 жыл бұрын төселген. Оның диаметрі 800мм.

«Төтенше жағдай 24 қазанда сағат 15:00-де тіркелді. Қазір ол жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің жедел бригадасы жұмыс істеп жатыр. Апатты жоюға 3 арнайы техника, 1 экскаватор, 2 самосвал, 15 жұмысшы жұмылдырылды»,- деді әкімдік.

Еске салсақ, Алматыда жылу құбырының жарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, он күн бұрын дәл осы Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылып,көшелерді ыстық су басқан.

Соңғы жаңалықтар