Алматыда жылу құбыры жарылғаннан кейін 100-ге жуық нысан жылусыз қалды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Гоголь мен Шәріпов көшелерінің қиылысында жылу магистралі жарылып, бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жылу магистралі шамамен сағат 17:00-да жарылды. Апатқа құбырдың тозуы себеп болған.

«Жылу трассасы 30 жылдан астам уақыт бұрын – 1986 жылы пайдалануға берілді. Соңғы жылдары бұл аумақта құбырдың тозуына байланысты 17 апат болған, бүгінгісі - 18-ші оқиға. Зақымдалған құбырды және зақымдалған жерді анықтау жұмысы жүріп жатыр. «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мамандары құбырды жөндеп жатыр. Барлығы 3 техника мен 18 адам жұмылдырылды»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Диаметрі 400 мм болатын зақымданған құбырды жөндеу үшін ауданды ыстық сумен жабдықтау уақытша өшірілді.

Қазіргі уақытта 67 көппәтерлі және 2 жеке үй, 6 білім нысаны және 20-дан астам басқа нысандар уақытша жылусыз қалды.

Бұған дейін Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар