Алматыда жылу құбыры жарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жылу құбыры тағы да жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай 24 қазанда түстен кейін Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында болған. Жылу құбыры жарылып, ыстық су төбеге қарай атқылап жатыр.

Еске салайық, осыдан он күн бұрын дәл осы Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылып,көшелерді ыстық су басқан. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар салдарынан 10 астам көлік зақымданған болатын.

Соңғы жаңалықтар