Алматыда жылу құбырларын жаңғырту басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда диаметрі 500-1000 мм болатын жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Соған байланысты 9 учаскеде ыстық сумен қамтуда үзіліс болып, жол қозғалысы қиындамақ. Жаңғырту жұмыстары 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады деп жоспарлануда. «Атап айтқанда, Мәметова-Панфилов-Уәлиханов көшелерінің, Отырар-Саин-Төле би көшелерінің, Құрманғазы-Чайковский-Уәлиханов көшелерінің, Торайғыров-Саин-Науаи көшелерінің, Әл-Фараби-Марков көшелерінің қиылысындағы, Райымбек-Сейфуллин-Жібек Жолы көшелерінің, Қажымұқан-Байжанов көшелерінің, ул. Чайковский-Мәметова көшелерінің, Мәметова-Панфилов-Мақатаев көшелерінің түйіскен жерінде, Жұлдыз-2 шағын ауданында орналасқан үйлерде ыстық су беру аракідік үзіліп, жол қозғалысы шектеледі», - делінген хабарламада. 2008 жылдан бері Алматыда 97,2 шақырым жылу құбырлары жаңғыртылған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылу құбырларының тозу көрсеткіші 10 пайызға дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар