+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыда жылу энергиясының тарифі қымбаттамайды

2021 жылғы 13 қаңтар 15:48
Бөлісіңіз:
Алматыда жылу энергиясының тарифі қымбаттамайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коммуналдық қызметтер түбіртектерінде байқалған жылу бағасының өсуі тарифтің көтерілуімен байланысты емес. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Үйге ортақ жылу энергиясын есептейтін аспаптармен (ҮОЖЭЕА) жарақталған көп пәтерлі тұрғын үйлер (КПТҮ) үшін тарифтің өзі (жылу энергиясын өлшеу және есептеу үшін белгілі бір кезеңге монополияға қарсы ведомство бекіткен константа) ұлғаймаған. Ағымдағы жылыту маусымында ол ҚҚС-ты қосқанда 4810,63 тг/Гкал-ға тең.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамада белгіленген және бекітілген жылумен жабдықтау қызметтерін пайдалану қағидалары мен нормативтеріне сәйкес, тұтынушы орталықтандырылған жылыту және ыстық су үшін өзі тұратын КПТҮ-де орнатылған ҮОЖЭЕА көрсеткіштері бойынша ғана төлейді.

Дәл осы құрылғы жылу энергиясын жеткізуші – «Алматы жылу жүйесі» (АлЖЖ) ЖШС-дан үйге келіп түскен жылу энергиясының көлемін бақылайды, бұл құрылғы үйдің жылу энергиясын қанша тұтынғанын есепке алады және адамдарға ыңғайлы болу үшін оны гигакалориялардан жылытылатын алаңның бірлігіне шаққандағы бағаға қайта есептейді.

Бірақ тариф тұрақты болған кезде жылытылатын алаңның бірлігіне шаққандағы баға әр түрлі жағдайларға байланысты өзгереді.

Біріншіден, егер сыртта жылы болса, онда салқындатқыштың температурасы төмен (бірақ +65 градустан төмен емес), ал төлем ҮОЖЭЕА ескерген нақты жылу шығыны бойынша аз болады. Ал керісінше, далада неғұрлым суық болса, жылу бағасы соғұрлым жоғары болады.

Екіншіден, қараша айындағы түбіртекте қазан айында тұтынылған жылу энергиясы үшін желтоқсан айындағы түбіртекте – қарашада, қаңтар айындағы түбіртекте – желтоқсанда есептелетінін еске саламыз. Дегенмен, АлЖЖ-ның жылу энергиясын бақылаудың электрондық жүйесінде (бағдарламасында) әрбір үй үшін есепке алу мен есептеудің өзіндік күнтізбелік кезеңі айқындалған: мысалы, біреуі – айдың 1-інен 30-ына дейін, екіншісі – айдың 15-інен келесі айдың 15-іне дейін және тағы басқалары.

Басқаша айтқанда, бұл үйлердің тұрғындары белгілі бір үй үшін белгіленген есеп айырысу кезеңінде ауа райына байланысты жылумен жабдықтау үшін әр түрлі соманы төлейді.

Үшіншіден, тіпті бір типтік жоба бойынша салынған екі үй де жылу энергиясының әр түрлі мөлшерін тұтынуы мүмкін.

Мұның себептері әр түрлі: жылуды ысырап жасайтын үйдің жылытылмаған қызметтік бөлмелері (кіреберістер, шатырлар, жертөлелерүй ішіндегі жылыту жүйесін және ыстық сумен жабдықтауды теңгерімдеу, жеке пәтерлерде «жылы едендер» деп аталатын радиаторлардың қосымша бөлімдерін пайдалану және т.б., бұл үй ішіндегі инженерлік схемалардың құрылыс жобасымен есептелген жылу беру процесіне белгілі бір дәрежеде теңгерімсіздікті тудырады.

Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес үй ішіндегі желілерге қатысты барлық проблемалық мәселелерді ПИК және сервистік компаниялар өзара жасасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға қызмет көрсету туралы шарттар негізінде шешуі тиіс.

Үйге ортақ жылу энергиясын есептейтін аспаптармен жабдықталмаған үйлерде тұратын тұтынушыларға келетін болсақ, жылыту үшін төлем осындай ғимараттар үшін монополияға қарсы ведомство бекіткен сандарға сүйене отырып, ай сайын есептеледі: қазан – 31 теңге/м2, қараша – 156 теңге/м2, желтоқсан – 208 теңге/м2


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT