Алматыда жылдамдықты асырған «BMW» автокөлігі 3 жүргіншіні қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғары жылдамдықпен жүйткіген «BMW» маркалы автокөлік 3 жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол оқиғасы Ә.Жангелдин көшесінде болған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Daewoo Matiz» көлігінің жүргізушісі оңтүстікке бет алып келе жатып солға бұрылуға қамданған.

Сол кезде артында келе жатқан «BMW» оны озбақ болып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді.

Жоғары жылдамдықта жүйткіп келе жатқан неміс машинасы «Daewoo» көлігін соға сала, жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 3 адамды қағып кетеді.

Екі адам сол жерде тіл тартпай кетті. Үшінші адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сол қарқынмен жүйткіген «BMW» тұрақтағы «Volkswagen-ді» соғады да, ол өз кезегінде «Toyota Prado-ны» соғып тоқтаған.

«BMW» мен «Daewoo Matiz» жүргізушілері түрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Оқиға орнында құқық қорғаушылар жұмыс жасап жатыр

Соңғы жаңалықтар