+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері өспейді - Әсет Масабаев

2020 жылғы 6 тамыз 18:57
Бөлісіңіз:
Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері өспейді - Әсет Масабаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда электр энергия бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы қалалық Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жылыту маусымы басталды «Ақ жол» партиясы коммуналдық саладағы делдал ұйымдарды жоюды ұсынады – Меруерт Қазбекова Кентау қаласының жылыту маусымына дайындығы пысықталды

«Жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері өспейді», – деп сендірді Әсет Масабаев.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, қалада жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жүріп жатқанын атап өтті.

«Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу магистралінің үлкен бөліктері ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жерлер анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз»,– деді Алматы қалалық Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайтынын айтқан болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT