Алматыда жыл соңына дейін 3 жолайрығы салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл соңына дейін үш жол айрығы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық кеңес отырысында қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев айтты.

Оның айтуынша, биыл желтоқсан айында Рысқұлов пен Құлжа тас жолы (жұмсалатын қаржы - 20,3 млрд теңге), Сейфуллин мен Жансүгіров көшелері (8,6 млрд теңге), Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысындағы (5,3 млрд теңге) жол айрықтарының құрылысы толық аяқталады.

«Құрылыс жұмыстары аяқталғанда кіші көлік айналма жолы пайда болады. Бұл жолайрықтарының арқасында көліктерді өткізу ағыны 15 пайызға артатын болады», - деді басқарма басшысы Сағындық Телібаев.

Сонымен қатар, Алматыда Үлкен Алматы айналма жолына екі көше жалғанатын болады. Олардың бірі Абай көшесі қаланың шеткі аудандарына дейін ұзындығы 4,8 шақырым болатын көшемен созылады. Жұмыстар 2019 желтоқсанында аяқталады.

Саин көшесінің Ақын сара көшесі мен Рысқұлов көшесінің аралығы толық жөнделіп, 3,1 км болатын көше болып Үлкен Алматы айналма жолына жалғанады. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар