Алматыда жыл соңына 3 мектеп пайдалануға берілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай елімізде мың білім беру мекемесі салынуы тиіс. Президент Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды.

«Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Алматы Білім басқармасы жоспарлы жұмыс жүргізуде. Карантиндік шектеулерге қарамастан, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру мекемелерінің желісін одан әрі кеңейту мақсатында қазіргі уақытта 12 600 орындық 8 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде. Алатау ауданында бес жаңа мектеп, Наурызбай ауданында тағы екі, Түрксіб ауданында бір жаңа мектеп ашылады. Салынып жатқан мектептердің үшеуі 2021 жылдың соңында пайдалануға беріледі (Томирис, Саялы және Қалқаман-2 шағын аудандарында) «, - деді Қайрат Жұманов.
Осылайша жыл соңына дейін 16 мыңнан астам оқушы жаңа орынмен қамтылмақ.
« Тағы бір айта кететін жәйт, биыл алматылық құрылысшылар №7, 40, 45, 54 және 81 мектеп ғимараттарын қалпына келтіру және сейсмикалық нығайту жұмыстарын жүргізеді»,-деді ол.
Қазір мұғалімдер үш жылда бір тегін курс өткізіп тұру тапсырмасы берілген. Сондықтан бұл курстар ҚР білім және ғылым министрлігі және Өрлеу орталықтарымен іске асырылады»,-деді спикер.


Соңғы жаңалықтар