Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 107 бала зардап шекті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 107 бала жарақат алып, 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 2 айында Алматы жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 95 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 107 бала жарақат алып,1 бала қаза тапты.
«Аналитикалық мәліметтерге сәйкес, балалар көбінесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде зардап шегеді. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының басым бөлігі таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 18:00 аралығында орын алды. Көбінесе жол-көлік оқиғаларына 16-17 жас (30 жол-көлік оқиғасы), 12-13 жас (13 жол-көлік оқиғасы), 10-11 және 14-15 жас (11 жол-көлік оқиғасы) аралығындағы балалар түседі»,-деп атап өтті қалалық ПД баспасөз қызметінен.
Алматы полициясы, жолда жүру ережелерін нақты білу және бұлжытпай сақтау – балаңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі екенін еске салады.


Соңғы жаңалықтар