Алматыда жыл басынан бері миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Қоғамдық кеңесінің отырысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың болашақтағы міндеттері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев дамудың негізгі экономикалық көрсеткіштерін атап өтті. Жеті айдың қорытындысы бойынша қала экономикасын қалпына келтірудің жоғары қарқыны қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында 109,1% болды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 782,9 млрд теңгеге жетіп, 22%-ға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 538,6 млрд теңге болды. Жыл басынан бері 1 189,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2 млн 604 мың шаршы метр баспана салу жоспарда. Тұтыну бағасының индексі тамызда 105,6 пайыз болды.

Қала әкімінің орынбасарлары өздері басқаратын салалардың дамуы туралы баяндады.

Ержан Бабақұмаров COVID-19 пандемиясымен күресу шаралары туралы айтты. Алматы коронавирус инфекциясының таралуының төрт толқынына да төтеп берді. Сонымен қатар қаланың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының дамуы туралы айтылды.

С. Құсайынов автокөлік инфрақұрылымының дамуы, жолаушыларды тасымалдау, көгалдандыру және экологияны жақсарту мәселелерін шешу туралы баяндады.

М. Әзірбаев тұрғын үй құрылысының қарқыны, әлеуметтік нысандар, сондай -ақ инженерлік инфрақұрылым мен қала құрылысы қызметінің дамуы, жерді тиімді пайдалану туралы толық ақпарат берді.

М. Қиқымов шағын және орта бизнесті қолдау мен халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтуға ықпал ету шаралары мен жұмыс орындарын құру, сондай -ақ инвестициялық тартымдылықты арттыру, туризмді дамыту, оның ішінде Алматы тау кластері туралы айтты.

И. Өсеров әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне қолжеткізу, экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы баяндап берді.


Соңғы жаңалықтар