Алматыда жыл басынан бері карантин режимін бұзған 3,6 мың нысан анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 қаңтар мен 4 қыркүйек аралығында мегаполисте карантин шектеулерін бұзған 3 626 нысан анықталды. Санитарлық қызмет істердің сотта қаралатынын айтып, жиі тәртіп бұзатындардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері мониторинг топтар 37 972 объектіні тексерді. Бұл - негізінен карантин ережелерін елемейтін көңіл көтеретін орындар.

Биыл бұзушыларға қатысты 5 706 хаттама жасалды, оның ішінде 597 заңды тұлғаға 209 млн теңгеден асатын айыппұл салынды, жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін шамамен 225 млн теңге айыппұл салынып, 5109 хаттама толтырылды. 425 баптың 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша 65 нысанның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Алматының әкімшілік соттарына 462 бап бойынша 76 материал жіберілді. СЭБД істері сотта қаралатын карантинді жиі бұзатындарды атады. Осы тізімдігілер: Alimus бильярд клубы, «Алем» караоке клубы, Port Billiard Hall бильярд клубы, «Лабиринт» кафесі, «Лала» дүкені, «Kuanysh Grand Hall» банкет залы, Late niqt шоу бары, «Бәйтерек» мейрамханасы.

Мекемелерді тексеру жалғасып жатыр, мысалы, 1-3 қыркүйек аралығында Алматыда 20 карантин бұзушы анықталды. Сонымен 1 қыркүйекте Алмалы ауданында сағат 23:47 шамасында бақылау тобының өкілдері «Найдстар» дәмханасында 30-ға жуық адам болғанын анықтады.

Еске салсақ, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай құбылмалы. Бір тәулікте 1 000-1 200 адамнан коронавирус анықталады. Сондықтан мегаполистің тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтап, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болғандары жөн.


Соңғы жаңалықтар