Алматыда жыл басынан бері бес мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Жетісу аудандық полиция басқармасы «Нөлдік төзімділік» қағидаты аясында 4967 адамды әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияның деректерінше, Жетісу ауданында сауда саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Сондай-ақ, ит пен мысықты ұстау және серуендеу ережелерін бұзғандар саны артып келеді.

«Ағымдағы жылдың 7 айында Әкімшілік құқық бузушылық туралы кодекстің 505 бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзу, жасыл алаңдарға зақым келтіру бойынша аудан көш бастап тұр. Жыл басынан бері осыған ұқсас 1899 факті анықталды. Сонымен қатар, көлік иелері де ережелерді ескермейді. Олар көліктерін гүлзарларға, ойын алаңдарына қойып кетеді. Барлық анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Стихиялық сауда орындарында үнемі рейд жүргіземіз. Әкімшілік құқық бузушылықтың 204 бабы бойынша 821 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қоғамдық орындарда темекі шеккен 743 адамға да шара қолданылды», - дейді Жетісу аудандық полиция бақсармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Сондай-ақ, ол алкогольдік ішімдік ішкен және мас күйінде қоғамдық орындарға шыққан 596 адам, иттер мен мысықтарды ұстау бойынша бекітілген ережелерді сақтамаған -270, ұсақ бұзақылық жасаған - 259 адам, тұрғындардың тыныштығын бұзған - 199, және сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелетке толмаған -180 адамның әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар