USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда жыл басынан бері 29 мың жаңа жұмыс орны ашылды - Бақытжан Сағынтаев

2019 жылғы 29 қазан 10:53
Бөлісіңіз:
Алматыда жыл басынан бері 29 мың жаңа жұмыс орны ашылды - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кеңесте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 9 айындағы дамудың негізгі нәтижелеріне және қаланың алдында тұрған түйінді мәселелерге қысқаша тоқталып өтті.

«Қазіргі көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетіп отыр. І-ші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім өсімі 4,1%-ды құрады. Өнеркәсіп 5,9%-ға артты. Инвестиция – 5,5%-ға, құрылыс - 3,1%-ға,тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,8%-ға өсті. Инфляция 3,3%-дан аспайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға дейін төмендеді. Жыл басынан бері 29,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық өткен жылға қарағанда 12,4%-ға көп жиналды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT