USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Алматыда жүзден аса құтқарушы қан тапсырды (ФОТО)

2016 жылғы 21 шілде 10:37
Бөлісіңіз:
Алматыда жүзден аса құтқарушы қан тапсырды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «1000 ізгілікті іс» акциясы аясында қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің бастамасымен «Құтқарушы - қан доноры» акциясы өтті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады. Оның айтуынша, 4 күнге созылған акция аясында 100-ден астам адам қан тапсырды.

«Олардың ішінде Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті басшылығы, барлық аудандардан келген төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлер және құтқарушы-өрт сөндірушілер бар. Барлығы 450 граммнан қан тапсырды. Акция Алматы қалалық ТЖД ғимаратында өткізілді. Қалалық қан құю стансасының мамандары келіп, бірқатар кабинеттерді уақытша қан қабылдайтын зертханаларға айналдырды», - деді С. Баймұханбетова.

Айта кетелік, Алматы қалалық ТЖД «Құтқарушы - қан доноры» акциясын жыл сайын өткізіп тұрады.

null null null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT