Алматыда жүйіткіген «Merсedes» екі қызды қағып өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүйткіген «Merсedes» 19 жастағы қыздарды қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты кеше түнде болған. Полиция қайғылы оқиға туралы түсінік берді.

«Қазір бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «Merсedes» маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның сары түсіне үлгеріп өтпек болған. Сол сәтте 2000 жылы туған екі қыз жолдан өтіп бара жатқан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермеген. Ол қазір қамауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, кеше «Toyota Land Cruiser Prado» мен «Lexus» соқтығысып, екі адам мерт болған еді.




Соңғы жаңалықтар