Алматыда жүйелі қызылжегімен ауыратын адамдар үшін алғашқы мектеп ашылды

None
None
None

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда № 6 қалалық емхана жанынан жүйелі қызылжегімен ауыратын адамдарды қолдауға арналған алғашқы мектеп ашылды.

Ашылу салтанатына 30-ға жуық науқас пен олардың туысқандары, жақындары, дәрігер мамандар қатысты. Осы мектепті құру туралы бастама көтерген Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ревматология кафедрасының меңгерушісі Жазира Омарбекова қазіргі таңда дауасы табылмай тұрған дерттердің бірі - қызылжегімен толыққанды өмір сүруге болатындығын айтты.

«Бұл мектепті біз науқастарға қолдау көрсету үшін ашып отырмыз. Мұнда емделушілер өз аурулары туралы көптеген мағлұмат алатын болады. Осы сырқатқа шалдыққан өзге де науқастармен, дәрігермен тығыз байланыс орнатады. Сондай-ақ мектеп олардың туған-туыстарына, достарына бұл ауруды жете түсінуге көмектеседі», - деді АМДБЖИ ревматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., Алматы қаласының бас ревматологы Жазира Омарбекова.

Ашылу салтанатынан кейін-ақ білікті маман науқастарды қабылдауды бастап кетті. Қазір 30-ға жуық науқас өздерінің басына түскен ортақ нәубетпен қалай күресу керектігі жайлы ақыл-кеңес тыңдауда.

Жүйелі қызылжегі ауруы - себебі белгісіз күрделі дерт. Мұндай атау адам денесінде аш қасқырдың тістегеніне ұқсайтындай қызыл дақтың пайда болуына байланысты берілген. Бұл ауру дәрігерлерге 1828 жылдан бері, француз дерматологы Biett-тің тері белгілерін сипаттағанынан кейін белгілі болды. Әзірге медицина бұл науқастың дауасын таба алмай отыр.

Қазақстанда 100 000 адамға шаққанда 20,6 адам қызылжегіге шалдыққан екен. Статистикаға сүйенсек, елімізде бұл сырқатпен ауыратын 25-64 жастар арасындағы 2800 науқас тіркелген.

Соңғы жаңалықтар