Алматыда жүруге берілген рұқсат мерзімі 23 сәуірге дейін ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда мұның алдында берілген рұқсат құжаттарының мерзімі 23 сәуірге дейін жарамды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, Төтенше жағдай мен күшейтілген режим кезінде қаланың тіршілігіне жауапты кейбір ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне қалада жүріп тұруына 16 сәуірге дейін рұқсат берілген болатын.

Осы мақсатта қалада арнайы портал ашылғанын қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеген еді.

Ақпарат порталы бұрын рұқсат берілген құжаттардың мерзімі 23 сәуірге дейін созылатынын хабарлайды.

«Назар аударыңыз! Жедел штаб бекіткен infoalmaty.kz дерекқоры ағымдағы жылдың 21 сәуірінде жұмысын бастайды. Бұрын берілген рұқсаттар ағымдағы жылдың 23 сәуіріне дейін жарамды болады», - делінген порталда жарияланған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар