Алматыда жұртты сазға отырғызған келіншек ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 42 жастағы Ғаният Кисикова өзін лақап аты Хамитова Дана деп таныстырып келген. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Медеу аудандық ІІБ-не жергілікті тұрғын Ғаният Кисикованың үстінен арызданды. Оның айтуынша, азаматша Кисикова оған төмен пайызбен көп көлемде несие алып берем деп алдап, 500 мың теңгесін қағып алған. Одан кейін хабарласпай ізім-қайым жоғалған. Белгілі болғандай, тағы 35 адам Хамитова Дана (лақап ат) есімді келіншектің арбауына түсіп қалғандығын айтып жүгінген.
Аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбековтің айтуынша, қазір күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар