Алматыда журналистің өліміне қатысты мән-жайлар хабарланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Hit tv телеарнасының продюсері Әйгерім Мұсаеваның өліміне қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Келіншектің денесі 20 қазан күні сағат 00.20-да қаланың Түрксіб ауданында Бұрындай көшесі маңындағы теміржол бойынан табылған.
«Тепловоз жас келіншекті қағып кеткен. Жеке тұлғасын растайтын құжаттар өзімен бірге болмаған. Сот-медициналық сараптама өткізу үшін мүрде қалалық мәйітханаға жеткізілді. Әйгерім Мұсаеваны туған ағасы таныды. Қазіргі уақытта көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде», - деді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сондай-ақ мәлім болғандай, 20 қазан күні кешкі 17:05-те Алатау ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, бір күн бұрын отбасылық кикілжіңнен соң 27 жастағы әйелі Әйгерім Мұсаева үйінен кетіп қалғанын айтқан.
Екі баланың анасы Hit tv арнасында продюсер болып жұмыс істеген.
Мұның алдында журналистің әріптестері Әйгерімнің жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желіде жазып, көмек сұраған еді.
- Оралда көлік өртеніп кетті
- Балқашта жоғалған 15 жасар жасөспірім Алматыдан табылды
- Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды
- СҚО-дағы әйелдер колониясында ерекше сән байқауы өтті
-
Хромтауда жарылыстан үй құлап, 7 адам ауруханаға жеткізілді
-
Триатлоннан Қазақстан чемпиондары анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам