Алматыда журналистерге арналған медициналық курс аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматыда журналистерге арналған бір апталық медициналық курс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Игі бастама Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, медицина және денсаулық сақтау салаласының этикалық аспектілерін зерттеді.

Семинар барысында адамның репродуктивті денсаулығы, трансплантология, дәрігерлердің қателігі, дұрыс тамақтану, коронавирус пандемиясы, вирусология және эпидемиология саласы бойынша өзекті тақырыптар көтерілді.

Жалпы, семинарға 50-ден астам журналист қатысты.

Олардың қатарында «Egemen Qazaqstan»,«Казахстанская правда» газеттері мен «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің де тілшілері бар.

Дәріске қатысқан журналистерге арнайы сертификат табысталады.



Соңғы жаңалықтар