Алматыда журналистер кәсіби мейрамын футбол алаңында атап өтпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Журналистер күніне орай БАҚ өкілдері 17 маусымда теңбіл доптан жолдастық кездесу өткізбек. Бұл туралы ҚР Журналистер одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Олар шаршы алаңда 2011-2012, 2013-2014 жылдары «Былғары доп» турнирінде үздік шыққан ойыншылармен кездеседі.

Айта кетейік, «Былғары доп» турнирінің биылғы жеңімпаздары Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысып келген болатын.

Журналистердің командасында қала басшысы Ахметжан Есімов те ойнайды деп күтілуде.

Матч 'Luxor Wellness Club' футбол алаңында кешкі бесте басталады.

Соңғы жаңалықтар