Алматыда журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасу рәсімі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасу рәсімі өтті.

Журналисті бақилық сапарға шығарып салуға ҚР Ұлттық ғылым  академиясының Ғалымдар үйіне әріптестері, достары, саясаттанушы Досым Сәтпаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов, экономист Ораз Жандосов тағы басқалар жиналды.

«Біз досымыз, бауырымыздан айрылып қалдық. Осында тұрған әр адам онымен дос болғанына, бірге жұмыс жасап, бірге өмір сүргеніне бақытты деп ойлаймын. Қажет кезде көмегін ешқашан аямайтын, ол үшін ақы сұрамайтын. Оның өмірі құйрықты жұлдыздай қысқа әрі мәнді, мағыналы болды.  Кез келген мақаласы өткір, күшті болатын», - деді Ratel.kz бас редакторы Марат Асипов.

Айта кету керек, Геннадий Бендицкий ұзақ сырқатынан кейін 3 желтоқсан -  47 жасқа толған күні көз жұмды.

Ол ұзақ жылдар бойы КТК арнасында бірнеше ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың шығарушы редакторы болды, «Время» газетінің авторы, кейін «Час Бендицкого» атты авторлық бағдарламасын жүргізді.  Бірнеше жыл бұрын өзінің екі әріптесі Марат Асиповпен және Сапа Мекебаевпен бірген жеке ақпараттық-сараптамалық жоба - Ratel.kz порталын ашты.
null null 

Соңғы жаңалықтар