Алматыда жүріп бара жатқан көлік отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүріп бара жатқан көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Сейфуллин мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында Фольксваген Шаран көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама ТЖД пультіне келіп түскен.

Жүргізушінің айтуынша, жолда кенеттен капот астынан түтін шыға бастаған. Әп-сәтте салон іші де көк түтінге оранған. Ер адам тілсіз жауды өзі сөндіре алмаған.

Өрт сөндірушілер жалынды 07.47-де сөндірді. Тілсіз жау 5  шаршы метр аумақты шарпыған.
nullnull

Соңғы жаңалықтар