Алматыда жүріп бара жатқан автобус жанып кете жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолаушыларды тасымалдап бара жатқан автобустан түтін шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қара түтінімен жол жүріп бара жатқан №19 бағыттағы автобустың видеосы Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды. Оқиға 27 тамыз күні Жароков көшесінде болған.

«Май кенеттен сыртқа қарай атқылап, көлік түтіндеп жана бастады. Автобустың өртке қарсы жүйесі іске қосылып, мотор бөліміндегі өрт дер кезінде сөндірілді. Машина да, мотор бөлімі де зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда зауыт өкілдері майдың кенеттен атқылауына не себеп болғанын егжей-тегжейлі зерделеп жатыр», - деп мәлім етті «CityBus» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар