Алматыда жүргізушісі жоқ автобус анасы мен баласын қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматыда анасы мен баласын қаққан, жүргізушісі жоқ автобустың видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнекөріністе автобустың ішінде болып жатқан оқиғалар бейнеленген. Қоғамдық көлік қозғалып барады, ал есігі ашық. Сыртқа шығуға ұмтылған балалы келіншек сүрініп, құлап камера обьективінен жоғалып кетеді. Соған қарамастан автобус қозғалысын жалғастыра берді. Тек бірнеше секундтардан кейін тоқтайды.

Белгілі болғанындай, автобусттың өз бетімен қозғалуына жол-көлік оқиғасы себеп болған. Жүргізуші тоқтап, сыртқа шыққанда, автобус орнынан қозғалып кеткен.

Оқиға 1 шілде күні Алатау аудандық ХҚКО жанында болды.

Куәгерлердің айтуынша, 122 нөмірлі автобус бір сәттке жүргізушісіз жүріп бара жатқан. Сол кезде қоғамдық көліктен шықпақ болған балалы келіншек дөңгелекттің астына түсіп кеткен.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, әйелді №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Бет-терісі сырылған, жамбасы сынған деген диагноз қойылды. Бала жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Көпсалалы хирургтар бригадасы оны толықтай тексеруден өткізді.

«Алдын ала диагноз қойылды: ауыр жарақат, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы, іш құрылысттың зақымдануы, кеуде жарақаты, кеуде сүйегінің жоғарғы бөлігінің жарақаты, бет терісінің сырылуы, I-II дәрежелі травматикалық шошыну болған», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Соңғы жаңалықтар