Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Алматыда жүргізуші 10 жастағы баланы қағып кетті

2019 жылғы 17 сәуір 11:00 306
Бөлісіңіз:
Алматыда жүргізуші 10 жастағы баланы қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда жүргізуші 10 жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында ірі жол апатынан 11 адам қаза болды Атырауда екі машина мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға Пятилетка шағын ауданында Клара Цеткин көшесінде болған.

«Бала түнгі 22:47-де балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Оны мультидисциплинарлық бригада қарап шықты. Басын рентгенге түсірді. Нәтижесінде бас сүйегі дін аман екені анықталды. Нейрохирургиялық және травматологиялық жарақат жоқ болып шықты. Жұмсақ тіндері жаншылған, оң жақ шынтағы сүрілген», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Медицина мамандарының айтуынша, бала қазір амбулаториялық емдеуге жіберілді. Жүргізуші баланы оқиға орнында қалдырып өзі қашып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Қоғам, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT