Алматыда жүргіншілердің үстіне манипулятор құлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үстіне манипулятор құлап кеткен үш әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 14 мамыр күні «Әйгерім» шағын ауданында болған.

Манипулятор кранның тіреуі құлап кетіп, ауыр техника көшеде кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалған. Үш әйел де жансақтау бөлімінде жатыр.

«Арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы сараптаманың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар