Алматыда жұмыссыздарға арналған бірқатар жоба іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жастар тәжірибесі», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар практикасы 29 жастан асқан білім беру ұйымдарының түлектері арасынан алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі 12 айдан аспайтын жұмыссыздарға арналған. Еңбекақыны Жұмыспен қамту орталығы төлейді. Бұл 122 520 теңге. 2022 жылы 1000 адамды қамту көзделген», - деді Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры.

Сонымен қатар, ол «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта оқу орындарын бітірген түлектер үшін жастар тәжірибесі айтарлықтай қолдау болып тұр. Оларды еңбек өтілі болмағандықтан жұмысқа алмайды. Сондықтан 29 жасқа дейінгі жастарға, оның ішінде еңбек өтілі жоқ NEET санатындағы жастарға 18 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын құруды көздейтін «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы іске қосылды. Мұнда да еңбекақы жұмыспен қамту орталығы арқылы төленеді. 30 АЕК немесе 91 980 теңге»,- деді спикер.

Сонымен қатар, Алматыда «Ұрпақтар үндестігі» жобасы жүзеге асырылуда. Ол 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған, жасы 29-дан аспаған білім беру ұйымдарының түлектеріне 6 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын ашады.

«Алматылықтардың аға буынына келетін болсақ, олар үшін «Күміс дәуір» жобасы бар. Ол зейнеткерлік жастағы жұмыссыздар үшін 12 айдан аспайтын мерзімге уақытша жұмыс орындарын құруды көздейді. Жалақының бір бөлігін Жұмыспен қамту орталығы өтейді (еңбекақыдан 50%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды). 2022 жылы 633 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, қазіргі уақытта жұмыс берушілер тізімі жасалуда»,- деді Диляра Иманқұлова.

Айта кетейік, бүгінгі күні 13460 алматылық жұмыссыз ретінде тіркелген.

https://www.kazinform.kz/kz/almatyda-13-mynnan-astam-adam-zhumyssyz-retinde-tirkelgen_a3933400


Соңғы жаңалықтар