Алматыда жұмыспен қамту бөлімдері демалыссыз жұмыс істейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда барлық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істейтін болды. Жаңа жұмыс кестесі «Оңай» әлеуметтік жол жүру карталарын беретін бөлімдердің қызметкерлеріне қатысты.

Бұл туралы «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады. «Оңай» әлеуметтік көлік карталарын беретін барлық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері аптасына жеті күн бойы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Әр бөлімшеде зейнеткерлерге арнап үстелдер қойылған және оларға шай, су, кәмпит, печенье ұсынылады. Оларға «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС-нің бақылаушы ревизиялық қызмет жұмысшылары қызмет көрсетеді. Әлеуметтік картаны алғысы келетін қолданушы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне баруы тиіс. Сол жерде жауапты адамға жеке куәлігін және жеңілдікті растайтын құжатты ұсынады», - деді баспасөз қызметінен. Зейнеткерлерге арналған әлеуметтік карталарды компания тұрақты түрде тегін шығаруға шешім қабылдады. Айта кету керек, Алматыда жаңа электронды билеттендіру жүйесі 2016 жылдың 1 қаңтарынан толық іске қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар